NeverHard

Куратор/тьютор обучения at Trivium — NeverHard

Куратор/тьютор обучения at Trivium in Алматы. Skills: Communication, Customer Service, Education. Apply on NeverHard.

Company
Trivium
Location
Алматы
Type
not_specified

Remote: Yes

Required skills:

SANA.Online командасына куратор қажет SANA.Online — НЗМ-ге жүйелі дайындыққа арналған толыққанды интерактивті жаттығу құралы. Біз ата-аналармен және оқушылармен жұмыс істеп, балалардың онлайн мобильдік қосымша арқылы жүйелі дайындалуына көмектесеміз. Мобильдік қосымшамызда бейнесабақтар, тақырыптық тесттер, практикалық тапсырмалар, қатемен жұмыс, оқу прогресінің аналитикасы және куратор тарапынан сүйемелдеу қарастырылған. Қазір біз командамызға оқушылардың оқу процесін қадағалап, ата-аналармен байланыста болып, баланың нәтижесіне жауапкершілікпен қарайтын кураторды іздейміз. Сіз не істейсіз: – оқушыларға тапсырмаларды орындау бойынша еске салу жібересіз; – ата-аналармен WhatsApp арқылы байланыс жүргізесіз; – оқушының белсенділігі төмендеген жағдайда ата-анасына хабарлайсыз; – тест нәтижелері мен қателер бойынша жалпы бағыт-бағдар бересіз; – оқушылардың сұрақтарын қабылдап бағыттайсыз; – оқушының сабақтарды, тесттерді және күнделікті тапсырмаларды уақытылы орындауын қадағалайсыз; – оқушының оқу прогресін бақылап, ата-аналарға қысқаша ақпарат беріп отырасыз. Біз не ұсынамыз: – SANA.Online өнімін және жұмыс жүйесін толық үйретеміз; – дайын скрипттер, шаблондар және жұмыс регламенті беріледі; – оқушылармен және ата-аналармен жұмыс істеуге арналған нақты жүйе бар; – білім беру саласында тәжірибе жинауға мүмкіндік; – команда тарапынан толық қолдау; – түсінікті әрі пайдалы білім беру өнімі; – тұрақты жұмыс процесі және даму мүмкіндігі. Біз кімді іздейміз: – жауапкершілігі жоғары және тәртіпті адамды; – балалармен және ата-аналармен сыпайы сөйлесе алатын маманды; – қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін адамды; – жазбаша сауатты, ұқыпты әрі жүйелі жұмыс істей алатын үміткерді; – WhatsApp арқылы дұрыс коммуникация жүргізе алатын адамды; – оқушының нәтижесіне бейжай қарамайтын, бақылап, ескертіп, соңына дейін жеткізе алатын маманды; – командамен бірге жұмыс істеуге дайын адамды. Артықшылық болады: – білім беру саласында жұмыс тәжірибесі; – куратор, администратор немесе координатор ретінде тәжірибе; – балалармен немесе ата-аналармен жұмыс істеу тәжірибесі; – онлайн мектепте немесе оқу орталығында жұмыс тәжірибесі. Жұмыс шарттары: – жұмыс онлайн форматта жүргізіледі; – негізгі байланыс WhatsApp және ішкі жүйелер арқылы болады; – жұмысқа қажетті материалдар мен нұсқаулықтар беріледі; – оқыту компания есебінен жүргізіледі; – жұмыс оқушылардың оқу процесін бақылауға және ата-аналармен байланысқа негізделеді. Егер сіз білім беру саласында жұмыс істеп, оқушылардың нәтижесіне әсер еткіңіз келсе, ата-аналармен сауатты байланыс жүргізіп, жүйелі жұмыс істеуге дайын болсаңыз — сізді SANA.Online командасында күтеміз.