NeverHard

Менеджер по продажам at Trivium — NeverHard

Менеджер по продажам at Trivium in Алматы. Apply on NeverHard.

Company
Trivium
Location
Алматы
Type
not_specified
SANA.Online командасына сату менеджері қажет SANA.Online — НЗМ-ге жүйелі дайындыққа арналған толыққанды интерактивті жаттығу құралы. Біз ата-аналармен және оқушылармен жұмыс істеп, балалардың онлайн мобильдік қосымша арқылы жүйелі дайындалуына көмектесеміз. Мобильдік қосымшамызда бейнесабақтар, тақырыптық тесттер, практикалық тапсырмалар, қатемен жұмыс, оқу прогресінің аналитикасы және куратор тарапынан сүйемелдеу қарастырылған. Қазір біз командамызға кіріс өтінімдермен жұмыс істейтін, ата-аналарға балаға сәйкес оқу форматын таңдауға көмектесетін сату менеджерін іздейміз. Сіз не істейсіз: – өтінім қалдырған ата-аналармен байланысқа шығасыз; – SANA.Online өнімі бойынша кеңес бересіз; – SANA.Online арқылы НЗМ-ге дайындықтың артықшылықтарын түсіндіресіз; – ата-ана мен баланың қажеттілігін анықтайсыз; – клиентті төлемге дейін жеткізесіз; – WhatsApp және телефония арқылы қоңырау/хат алмасу жүргізесіз; – жұмыс нәтижесін CRM жүйесінде белгілеп отырасыз. Біз не ұсынамыз: – сату саласында тәжірибе болмаса да болады; – өнімді, скрипттерді және сату техникасын өзіміз үйретеміз; – күн сайын 15–20 жылы өтінім беріледі; – клиентті өзіңіз іздемейсіз; – сатылымнан 15% төленеді; – жоспар орындалған жағдайда пайыздық мөлшерлеме өсуі мүмкін; – нақты әрі орындалатын сату жоспарлары; – апталық бонустар: 70 000 теңгеге дейін; – ата-аналарға шынымен қажет түсінікті білім беру өнімі; – жұмыс барысында команда тарапынан толық қолдау. Біз кімді іздейміз: – жауапкершілігі жоғары және тәртіпті адамды; – ауызша және жазбаша сөйлеуі сауатты маманды; – адамдармен сыпайы әрі сенімді сөйлесе алатын адамды; – сатуды үйренуге және дамуға дайын үміткерді; – қазақ және орыс тілдерін міндетті түрде білетін адамды; – нәтижеге жұмыс істеп, жақсы табыс табуға ниеті бар маманды. Артықшылық болады: – сату саласындағы тәжірибе; – call-орталықта жұмыс тәжірибесі; – білім беру саласында жұмыс істеу тәжірибесі; – ата-аналармен коммуникация жүргізу тәжірибесі. Жұмыс шарттары: – жұмыс жылы өтінімдер базасымен жүргізіледі; – оқыту компания есебінен болады; – табыс сатылым нәтижесіне тікелей байланысты; – тұрақты оклад қарастырылмаған; – сатылымнан пайыз: 15%; – жоспарды орындаған жағдайда пайыз өсуі мүмкін. Егер сіз сатылым саласында дамығыңыз келсе, білім беру бағытында жұмыс істеп, нәтижеге қарай жақсы табыс тапқыңыз келсе — сізді SANA.Online командасында күтеміз.