Учитель казахского языка и литературы at Общественный фонд Teach for Qazaqstan — NeverHard
Учитель казахского языка и литературы at Общественный фонд Teach for Qazaqstan in Семей. Skills: Communication, Leadership, Teaching, Ukrainian. Apply on NeverHard.
Company
Общественный фонд Teach for Qazaqstan
Location
Семей
Type
full_time
Required skills:
Communication
Leadership
Teaching
Ukrainian
Балаларға жаңа мүмкіндіктер ашып, өзіңізге де жаңа жол табатын жұмыс. Көшбасшылық - өзгелерге мүмкіндік ашу. Teach for Qazaqstan бағдарламасында бұл идея нақты іске айналады: Fellowship қатысушылары өңірлік мектептерде жұмыс істеп, балалардың қабілетін ашуға, өзіне сенуіне және болашағы үшін жаңа мүмкіндіктерді көруіне көмектеседі. Бағдарламаға университетті жаңа бітірген соң да, басқа салада жұмыс істеп тәжірибе жинағаннан кейін де келуге болады. Сіздің біліміңіз, кәсіби және өмірлік тәжірибеңіз мектепте қажет болады. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін педагогикалық білім талап етілмейді. Сіз немен айналысасыз: Өңірлік мектепте мұғалім болып жұмыс істейсіз. Әр оқушыға жол тауып, балалар жаңа нәрсені байқап көруден қорықпайтын орта қалыптастырасыз. Балалар мен мектеп қауымдастығына пайдалы өз идеяларыңыз бен жобаларыңызды жүзеге асырасыз. Әріптестермен, ата-аналармен және серіктес ұйымдармен бірге жұмыс істейсіз. Бағдарлама не ұсынады: Жұмыс басталғанға дейін Қор есебінен педагогикалық даярлықтан өту мүмкіндігін. Мұғалім жалақысын және бағдарламаға қатысатын екі жыл бойы ай сайын 300 000 ₸ стипендияны . Тьюторлардың қолдауын, сондай-ақ педагогикалық, қарым-қатынас және көшбасшылық дағдыларды дамытуға көмектесетін тұрақты оқуды. Тәжірибе алмасып, қолдау табуға болатын Teach for Qazaqstan қатысушылары мен түлектерінің қауымдастығын. Teach For All халықаралық қауымдастығымен байланыс орнату, түрлі елдердегі бағдарламалардың қатысушылары және түлектерімен танысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігін. Үміткерге қойылатын талаптар: 2027-2028 оқу жылы басталғанға дейін жоғары білімді (бакалавриат немесе магистратура) аяқтау. Өңірлік мектепте жұмыс істеу үшін қоныс аударуға дайын болу. Балалармен жұмыс істеуге ынталы болу, өзгені тыңдап, сенімді қарым-қатынас орната білу, үйренуге және кері байланыс қабылдауға ашық болу, күрделі жағдайда сабыр сақтап, өз шешімдеріне жауапкершілік алу. Транскриптте көрсетілген пәндер мен академиялық кредиттер тиісті мектеп пәні бойынша университет базасында кәсіби қайта даярлаудан өтуге мүмкіндік беруі тиіс. Бұл мүмкіндік транскрипт тексерілгеннен кейін анықталады. Бағдарлама туралы толығырақ Teach for Qazaqstan ресми сайтынан оқи аласыз. HeadHunter арқылы вакансияға өтінім беріңіз. Рекрутеріміз Сізбен байланысып, бағдарлама туралы толығырақ айтып, іріктеудің келесі қадамдарын түсіндіреді.