NeverHard

SMM специалист / SMM маманы at MIA Kazakhstan — NeverHard

SMM специалист / SMM маманы at MIA Kazakhstan in Алматы. Skills: Capacité de communication, Créativité, HTML content creation, Montage vidéo, Russian. Apply on NeverHard.

Company
MIA Kazakhstan
Location
Алматы
Type
full_time

Required skills:

MIA білім беру орталығы мықты SMM маманын іздейді! Қазіргі таңда бізге екі тілде мағыналы контент жасай алатын, креативті идеялар ұсына білетін және камера алдында өзін сенімді ұстайтын маман жетіспейді. Міндеттері: Орталығымыздың негізгі тұлғаларының бірі болу. Сараптамалық және ойын-сауық контентін жеткізе алу, камерадан қорықпау және анық сөйлеу; Reels/TikTok үшін аудиторияның қызығушылығы мен “ауырсыну нүктелеріне” дәл түсетін сценарийлер жазу; Посттар мен стористерге қазақ және орыс тілдерінде мәтіндер жазу; Видео түсіру және монтаж жасау. Біз сені іздейміз, егер: Қазақ тілін еркін меңгерген болсаң (міндетті түрде) және орыс тілін де жақсы білсең; Кадр қалай құрылады, қызықты мәтін қалай жазылады және әлеуметтік желілердің алгоритмдері қалай жұмыс істейтінін түсінсең; Аудиторияның назарын ұстай алып, ақпаратты жеңіл жеткізе алсаң; Сен құрылымы бар маркетинг бөлімінде, контент-лид пен маркетинг жетекшісінің басқаруымен жұмыс істейсің. Біз ұсынамыз: Тәжірибелі маркетологтар, видеографтар және мобилографтармен бірге жұмыс істеу; Жас, энергияға толы команда, мұнда бастама көтеру бағаланады; 5/2 жұмыс кестесі (10:00–19:00), қала орталығындағы жайлы офис, уақытылы жалақы және идеяларыңды жүзеге асыруға барлық мүмкіндік. Егер вакансия қызықтырса - отклик қалдыр, бізде атмосфера керемет 😉