Қызметкерлерді жаппай іздеу және іріктеу маманы at Small, ТМ (Скиф Трейд, ТОО) — NeverHard
Қызметкерлерді жаппай іздеу және іріктеу маманы at Small, ТМ (Скиф Трейд, ТОО) in Алматы. Skills: Communication, Interviewing, Mass Hiring, Problem Solving, Recruitment. Apply on NeverHard.
Company
Small, ТМ (Скиф Трейд, ТОО)
Location
Алматы
Type
full_time
Required skills:
Communication
Interviewing
Mass Hiring
Problem Solving
Recruitment
Ukrainian
SMALL & Skif («Скиф Трейд») — Қазақстандағы ең ірі әрі танымал сауда желілерінің бірі. Компания 1999 жылы құрылған және елдегі жетекші азық-түлік супермаркеттерінің қатарына кіреді. Біз Қазақстанның 13 облысында, 150-ден астам дүкенді басқарамыз және бизнесімізді заманауи технологиялар мен деректер талдауына сүйене отырып дамытамыз. Біз командамызға Қызметкерлерді жаппай іздеу және іріктеу маманы (Рекрутер) іздейміз. Тапсырмалар: Дүкендердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етесіз: кассир, сатушылар, жүргізушілерді жұмысқа шақырасыз; Жаппай іріктеуде (массовый подбор) шеберлігіңізді арттырасыз: қоңыраулар, жылдамдық; Нақты бизнес-жағдайларда жылдам шешім қабылдауды үйренесіз; Сұхбат жүргізу, жұмыскерлердің құжаттарын жинау; Жұмысыңыздың нәтижесін тікелей көресіз: жұмысқа шыққан әрбір қызметкер — сіздің еңбегіңіз. Біз үшін не маңызды: Қазақ тілін еркін білу (ауызша және жазбаша) — міндетті; Жаппай іріктеуде (массовый подбор) 1 жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн; Телефон арқылы хабарласудағы сенімділік; көп қоңыраулар болады; Сауатты сөйлеу мәнері, үлкен тапсырмалар ағынымен жұмыс істей алу; Жауапкершілік, дербестік және нәтижеге бағыт. Біз ұсынамыз: Ресми тіркелу, Еңбек шарт құжаттары; Жұмыс кестесі: 5/2, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, кеңседе; Кеңсе мекенжайы: Катаева 189; Іріктеу, бейімдеу (адаптация) және басқа да HR-бағыттарда өсу мүмкіндіктері; Нақты процестер, түсінікті мақсаттар мен тапсырмалар. Жалақы: 300 000 - 350 000 теңге, (қолға) Бізге қосыла отырып, сіз бизнеске әсер ету, компаниямен бірге өсу және ритейл саласында даму мүмкіндігін аласыз.