Жаттықтырушы at Учреждение SDU University — NeverHard
Жаттықтырушы at Учреждение SDU University in Алматы. Skills: Basketball, Coaching, Fitness training, Sports Management, Volleyball. Apply on NeverHard.
Company
Учреждение SDU University
Location
Алматы
Type
full_time
Required skills:
Basketball
Coaching
Fitness training
Sports Management
Volleyball
program development
Міндеттері: Университет студенттері мен қызметкерлеріне волейбол, баскетбол және GYM/фитнес бағыттары бойынша тұрақты жаттығулар өткізу; Қатысушылардың физикалық дайындық деңгейін ескере отырып, жаттығу бағдарламаларын әзірлеу және өткізу; Тиісті спорт бағыттары бойынша базалық және жетілдірілген техникаларды, ережелер мен тактикаларды үйрету; Спорттық сабақтарды, жаттығуларды және ішкі жарыстарды ұйымдастыру; Жаттығу барысында физикалық жүктемені бақылау және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; Қатысушылардың физикалық дайындығын бағалау және олардың нәтижелерін бақылау; Сабақ барысында тәртіпті сақтау және қолайлы спорттық орта қалыптастыру; Спорттық құрал-жабдықтарды дайындау және олардың тиісті жағдайда болуын бақылау; Студенттермен, қызметкерлермен және университеттің жауапты бөлімшелерімен өзара байланыс орнату; Спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және SDU University-дің спорттық мәдениетін дамытуға қатысу; Спорттық қызмет аясындағы өзге де тапсырмаларды орындау. Талаптары: Дене шынықтыру, спорт немесе сабақтас салалар бойынша жоғары немесе арнаулы орта білім; Жаттықтырушы немесе нұсқаушы ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады; Волейбол, баскетбол және GYM/фитнес бағыттары бойынша практикалық білімі мен дағдыларының болуы; Жаттығу процесі мен дене дайындығының негізгі әдістемелерін білу; Жеке және топтық жаттығулар өткізе білу; Қатысушылардың физикалық дайындық деңгейін ескере отырып, жаттығу бағдарламаларын құра білу; Спорттық сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын білу; Коммуникабельділік, жауапкершілік және ұйымдастырушылық қабілет; Студенттермен және университет қызметкерлерімен жұмыс істей білу; Университеттің спорттық мәдениетін дамытуға проактивтілік және қызығушылық таныту. Әлеуметтік пакет: Ағылшын тілі курстарына 50%-ға дейін жеңілдік ; Заманауи SDU University кітапханасына қолжетімділік; Спортпен айналысу мүмкіндігі: жаттығу залы және үстел теннисі ; Университет кафелерінде тамақтануға 50% жеңілдік ; «СКmed» медициналық орталығының мамандарынан кеңес алуды қоса алғанда, медициналық қызметтерге қолжетімділік; Тегін психологиялық қолдау ; Кәсіби даму мүмкіндіктері : тренингтерге, семинарларға және халықаралық конференцияларға қатысу; Дамыған цифрлық экожүйесі және кәсіби мамандардан құралған командасы бар заманауи университеттік ортада жұмыс істеу.