NeverHard

Сату бөлімінің менеджері (Отдел продаж менеджері) at Saulet Group 015 — NeverHard

Сату бөлімінің менеджері (Отдел продаж менеджері) at Saulet Group 015 in Шымкент. Skills: CRM, Negotiation, Russian, Sales, SugarCRM. Apply on NeverHard.

Company
Saulet Group 015
Location
Шымкент
Type
internship

Required skills:

Біз туралы: SAULET GROUP — жобалау және сәулет саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар көшбасшы компания. Біз Қазақстанда және шетелде заманауи тұрғын үй кешендері мен коммерциялық нысандардың жобасын жасаймыз. Тапсырыс көлемінің артуына байланысты командамызға мықты сату шебері қажет! Сіз немен айналысасыз? (Міндеттері): Дайын клиенттермен жұмыс: Жарнамадан түскен кіріс өтінімдерді (лидтерді) өңдеу (суық қоңыраулар жоқ / аз). Келіссөздер жүргізу: Компанияның жобалау қызметтерін таныстыру және келісімшарт жасасу. Жүйелілік: Клиенттер базасын CRM (Bitrix24/AmoCRM) жүйесінде жүргізу. Нәтиже: Сату жоспарын орындап, жоғары бонусқа шығу. Біз қандай маман іздейміз? (Талаптар): Сату саласында кемінде 6 ай тәжірибесі бар (тәжірибесі аз, бірақ таланты бар жастарды да үйретуге дайынбыз). Қазақ және орыс тілдерінде еркін әрі сенімді сөйлей алатын. Адамдармен тез тіл табысатын және бас тартулардан қорықпайтын. Мансап пен табысын өсіргісі келетін белсенді тұлға. Біз не ұсынамыз? (Шарттары): Тұрақты табыс: Тұрақты жалақы 85000 тг + әр келісімшарттан % (бонуста шектеу жоқ, менеджерлеріміз 400 000+ тг табады). Дайындық: Компания есебінен сату техникасы мен өнімді толық оқыту. Мансап: 6-12 ай ішінде Сату бөлімінің жетекшісі (РОП) лауазымына дейін өсу мүмкіндігі. Жайлылық: Шымкенттің орталығындағы заманауи, жайлы кеңсе. Орта: Қолдау көрсететін достық ұжым және басшылық. Жұмыс графигі: Толық жұмыс күні 6/1 (сенбі күні түске дейін) Командамызға қосылғыңыз келе ме? Дәл қазір хабарласыңыз немесе WhatsApp-қа түйіндемеңізді (резюме) «Менеджер» белгісімен жіберіңіз!