Заведующий отделением at КАМЕЯ Pharm Group — NeverHard
Заведующий отделением at КАМЕЯ Pharm Group in Шымкент. Skills: Epidemiology, Healthcare Administration, Medical Services Management, Quality Improvement, Staff Management. Apply on NeverHard.
Company
КАМЕЯ Pharm Group
Location
Шымкент
Type
full_time
Required skills:
Epidemiology
Healthcare Administration
Medical Services Management
Quality Improvement
Staff Management
Міндеттері: Ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылықты жүзеге асырады, халыққа уақтылы және сапалы медициналық және дәрілік көмек көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Медициналық этика талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, олардың өмірі мен еңбегі үшін қауіпсіз және салауатты жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Жаңа диагностикалық және профилактикалық көмекті енгізуді және қолданыстағыларды жетілдіруді, көрсетілген қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз едеті. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Сантитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің қызметіне талдау жасайды және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Есеп беруді ұсынуды қамтамасыз етеді. сынақ хаттамаларын беру бойынша жұмысты ұйымдастырады; бөлім құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді; бөлім қызметі бойынша талдау жүргізеді және есептер жасайды; ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық режим талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; зерттеулерді орындау, оның мерзімдері және хаттамаларды беру мәселелері бойынша зертхананың басқа бөлімшелерімен өз жұмысын үйлестіреді; Талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); Шарттар: Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі; "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік (бар болған жағдайда)