Главная медсестра/главный медбрат at КАМЕЯ Pharm Group — NeverHard
Главная медсестра/главный медбрат at КАМЕЯ Pharm Group in Шымкент. Skills: Electronic Health Records, First Aid, Laboratory Procedures, Medical Assisting, Medication Administration. Apply on NeverHard.
Company
КАМЕЯ Pharm Group
Location
Шымкент
Type
not_specified
Required skills:
Electronic Health Records
First Aid
Laboratory Procedures
Medical Assisting
Medication Administration
Nursing Assessment
Palliative Care
Patient Monitoring
Patient care planning
Physiotherapy
Обязанности: Кеңейтілген практика мейіргерінің немесе дәрігердің қадағалауымен амбулаториялық қабылдау жүргізеді және мейіргер күтімін жүзеге асырады. Пациенттің мейіргер көмегіне қажеттілігін бағалайды (мейіргер диагнозы). Пациенттерді зерттеп-қарау, емдеу, оған күтім жасау жоспарын жасайды, жай-күй динамикасын, емдеу тиімділігін бағалайды. Динамика деректерін ауру тарихында тіркейді. Пациенттерді күнделікті аралап шығады, пациенттердің жай-күйіне мониторинг жүргізеді және кеңейтілген практиканың мейіргеріне және (немесе) дәрігерге деректерді ұсынады. Жалпы практика дәрігеріне және кеңейтілген практика мейіргеріне науқастарды диспансерлеу және патронаж ұйымдастыру мәселелерінде ассистент болады, өз құзыреті шегінде емдеу-профилактикалық ұйымында және үйде (патронаж) науқастарға күтімді жүзеге асырады. Азаматтарға медициналық алғашқы көмек, оның ішінде төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді. Зертханалық зерттеулер үшін материалдар алуды, бөлімшеде дәрілік заттардың жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады, дәрілік заттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді. Дәрігерлік тағайындаулардың орындалуын қамтамасыз етеді. Диагностикалық және емдік манипуляцияларды жүзеге асыруда дәрігерге көмек көрсетеді. Науқастарға күтім жасауды, дәрілік заттарды ағзаға енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге дайындайды, электрокардиографияны жеңілдетеді. Қарапайым физиотерапиялық ем-шараны орындайды. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді. Медициналық этиканы, өртке қарсы қауіпсіздіктің ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды. Требования: "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі, "Мейіргер ісі" маманығы бойынша сертификаттық курс туралы куәлік және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмысқа кіріскен адамдар үшін "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Зертханалық диагностика", "Фельдшер зертханашы", "Гигиена, санитариялық және эпидемиология", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша сертификаттық курс туралы куәлік немесе "Мейіргер ісі" (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты.