NeverHard

Старшая медсестра/старший медбрат at КАМЕЯ Pharm Group — NeverHard

Старшая медсестра/старший медбрат at КАМЕЯ Pharm Group in Шымкент. Skills: Epidemiology, Inventory Control, Maternal and Child program, Medical supplies management, Nursing. Apply on NeverHard.

Company
КАМЕЯ Pharm Group
Location
Шымкент
Type
not_specified

Required skills:

Обязанности: Бөлімшені дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуді, орта және кіші медициналық персоналдың жұмысын ұйымдастырады және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды. Бөлімшенің мүлкі мен медициналық мүкәммалының сақталуын қамтамасыз етеді. Бөлімшеде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақтылы жөндеуді, пациенттер үшін тамақтануды ұйымдастырады. Күшті әсер ететін улы, есірткі, психотроптық дәрі-дәрмектер мен прекурсорларды бақылауды, есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлерінің асептика және антисептика қағидаларын сақтауы. Орта медицина персоналының дәрігердің тағайындауларын уақтылы және дәл орындауын, келіп түскен пациенттердің санитариялық өңделуін бақылайды. Эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын ұйымдастырады және мониторинг жүргізеді. Осы мамандықта жұмыс істеген кезде жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық зерттеп-қарау және патронаж жүргізу үшін штат кестесін ұйымдастырады. Жүкті және босанған әйелдерге диспансеризация және патронаж жүргізуді ұйымдастырады. Мейіргер қызметкерлерінің кәсіби дамуын қолдайды. Бөлімшеде дәрілік заттардың жұмсалуын бақылайды, дәрілік препараттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді. Емдік-профилактикалық, санитариялық-профилактикалық, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге, хирургиялық манипуляциялар кезінде дәрігерге ассистент болады, физиологиялық босануларды қабылдайды, шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Халықтың арасында гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды қоса алғанда, зертханалық зерттеулер, санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Ағымдағы санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды. Требования: жоғары медициналық ("Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша, "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриат) жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе орта білімнен кейінгі ("Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат) немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бейіні бойынша медициналық білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, басқару қызметі бойынша біліктілікті арттыру курстары, мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.