NeverHard

Начинающий Perfomance-маркетолог at Daryn.online — NeverHard

Начинающий Perfomance-маркетолог at Daryn.online in Алматы. Skills: Analytics, Excel, Google Sheets, Meta Ads, Performance Marketing. Apply on NeverHard.

Company
Daryn.online
Location
Алматы
Type
full_time

Required skills:

Performance Manager Daryn Online — Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде жұмыс істейтін халықаралық деңгейдегі №1 онлайн білім беру платформасы. Біз командаға сандармен, аналитикамен және жарнамамен жұмыс істеуге қызығатын Performance Manager іздейміз! Егер сен маркетинг саласында дамығың келсе, кестелермен жұмыс істеуді ұнатсаң және жарнамалық науқандардың қалай жұмыс істейтінін үйренуге дайын болсаң — бұл вакансия саған арналған. Жұмыс тәжірибесі міндетті емес. Біз жұмыс процесін үйретіп, тәжірибелі маманнан білім алуға мүмкіндік береміз. Міндеттер: жарнамалық науқандардың нәтижелерін күнделікті бақылау; жарнама шығыны, өтінім саны, CPL, CTR, ROMI және конверсия көрсеткіштерін кестеге енгізу; апталық және айлық есептерді дайындау; Meta Ads, TikTok Ads, Google Sheets және amoCRM жүйелерінен мәліметтер жинау; жарнамадан түскен өтінімдердің CRM жүйесіне дұрыс өтуін тексеру; қате нөмірлерді, қайталанған және сапасыз өтінімдерді анықтау; сату бөлімінен өтінімдердің сапасы бойынша кері байланыс жинау; Performance-маркетологтың күнделікті тапсырмаларын орындау; түсірілім процесін ұйымдастыру: студия жалдау, актерлермен келісу және басқа да ұйымдастырушылық жұмыстар. Талаптар: Performance-маркетинг пен аналитиканы үйренуге қызығушылық; Google Sheets немесе Microsoft Excel бағдарламаларын базалық деңгейде білу; сандармен, кестелермен және үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей алу; ұқыптылық және қателерді байқай білу; тапсырмаларды уақытында орындау; жауапкершілік және жаңа ақпаратты тез меңгеру; қазақ тілін білу; маркетинг саласында жоғары білімінің болуы немесе 3–4 курс студенті болу; толық жұмыс күніне дайын болу. Артықшылық болады: Meta Ads немесе TikTok Ads туралы базалық түсінік; CPL, CTR, CPC, ROMI және конверсия көрсеткіштерін білу; amoCRM жүйесімен таныс болу; жасанды интеллект құралдарын қолдана білу; аналитика, маркетинг немесе жарнама бағытында оқу жобаларының болуы. Негізгі дағдылар: Excel және Google Sheets; Google Docs және Microsoft Word; CRM жүйелерімен жұмыс; деректерді талдау; маркетинг; командалық жұмыс; Figma бағдарламасы туралы базалық түсінік; қазақ тілі. Біз ұсынамыз: айлық жалақы: 200 000 ₸ ; жұмыс кестесі: 5/2 ; жұмыс уақыты: 10:30–19:30 ; толық жұмыс күні; Performance-маркетинг саласында тәжірибе жинау мүмкіндігі; тәжірибелі маманнан тікелей үйрену; нақты жарнамалық жобалармен жұмыс істеу; аналитика және жарнама кабинеттерін жүргізуді үйрену; болашақта Junior Performance-маркетолог позициясына өсу мүмкіндігі; жас әрі белсенді команда; халықаралық білім беру компаниясында кәсіби даму мүмкіндігі. Бұл вакансия сізге сай келеді, егер: маркетинг саласында мансап бастағыңыз келсе; сандар мен аналитикадан қорықпасаңыз; кестелермен жұмыс істегенді ұнатсаңыз; ұқыпты әрі жауапты болсаңыз; жаңа құралдар мен бағдарламаларды тез меңгерсеңіз; нақты жобалар арқылы тәжірибе жинағыңыз келсе. Тәжірибеңіз болмаса да, өтінім қалдырудан қорықпаңыз. Біз үшін ең маңыздысы — үйренуге деген қызығушылық, жауапкершілік және дамуға деген ниет.