Заместитель директора по учебной работе at Maximum School — NeverHard
Заместитель директора по учебной работе at Maximum School in Шымкент. Apply on NeverHard.
Company
Maximum School
Location
Шымкент
Type
not_specified
Біз, Maximum school — жоғары сынып оқушыларын (10–11 сыныптар) тереңдетілген бағдарламамен оқытатын жекеменшік мектеппіз. Біздің миссиямыз — жай ғана аттестат беру емес, әр оқушының саналы түрде мамандық таңдауына және Қазақстан мен әлемнің үздік жоғары оқу орындарына сәтті түсуіне жағдай жасау. Біз әр оқушының жетістігі — ортақ мақтанышымыз болатын ерекше білім ортасын қалыптастырамыз. Егер Сіз: - жүйе құра аласыз - нәтиже көрсете аласыз - жауапкершіліктен қашпайсыз - ұжымды басқара аласыз - НОБД/ Kundelik бойынша бақылау жүргізіп, мониторинг жасай аласыз Онда дәл Сізге арналған жұмыс! Негізгі миссия: "Мектептегі оқу сапасын бақылау емес — көтеру" "Сіздің нәтижеңіз — цифрмен өлшенеді" Сіз не істейсіз: - Оқу процесін толық қайта құру / күшейту - Әлсіз мұғалімдерді күшейту немесе ауыстыру - Сабақ сапасын күнделікті бақылау - ҰБТ нәтижесін нақты өсіру - Ішкі тәртіпті қатаң жүйеге қою - Ата-анамен конфликтті басқару (эмоция емес — нәтиже) Біліктілік талаптары: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 6 жыл (оның ішінде білім беру ұйымдарында соңғы 5 жыл). "Басшының орынбасары" біліктілік санатының (үшінші, екінші немесе бірінші) немесе педагог санатының ("сарапшы", "зерттеуші", "шебер") болуы. Нақты кейс: нәтиже көтергеніңізді қалай дәлелдейсіз? 🚫 Біз бірден бас тартамыз: - «Жұмсақ» басқарушы - Бақылаудан қорқатын - Нәтижесі дәлелсіз кандидат - Жауапкершілікті басқаларға аударатын Біз не береміз: - Нақты билік (шешім қабылдайсың) - Нәтижеге байланысты жоғары табыс - Күшті команда (әлсіздерді ұстамаймыз) - Өсу: Директор деңгейіне дейін - Жұмыс уақыты 08:00-16:00. 5/2 Сынақ (міндетті): Резюме жеткіліксіз. Сұрақтарға жауап берсеңіз: - Соңғы жұмыс орнында қандай нақты нәтиже жасадың? - Егер мектепте 50% мұғалім әлсіз болса — не істейсің? (қадаммен) - ҰБТ нәтижесін 6 айда қалай көтересіз?