NeverHard

Директор по персоналу (HRD) at EduCon — NeverHard

Директор по персоналу (HRD) at EduCon in Алматы. Skills: Corporate Culture, HR, Onboarding, Recruitment, Sales. Apply on NeverHard.

Company
EduCon
Location
Алматы
Type
full_time

Required skills:

«Dostyq» мекемесі — 2003 жылдан бері (23 жыл бойы) оқушыларға сапалы білім беріп, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұялатумен және өз-өзіне сенімді, білімді ұрпақ қалыптастырумен үздіксіз айналысып келе жатқан іргелі ұйым. Осы миссияны онлайн білім беру нарығында дамыту мақсатында 2025 жылы онлайн ҰБТ-ға дайындық мектебі — Dostyq Online жобасы іске қосылды. 2025–2026 оқу жылында біз оқушылармен және ата-аналармен тығыз жұмыс істеп, үлкен тәжірибе жинақтадық. Ендігі 2026/2027 оқу жылындағы негізгі мақсатымыз — 8000 түлекке сапалы білім мен құндылықтарды үйрете отырып, олардың университетке грантқа түсуіне көмектесу. Біз оқушыларымыздың жоғары нәтиже көрсетуі үшін ең үздік әрі сапалы контентті ұсынып келеміз. Қазіргі таңда командамызда 60-тан астам кәсіби қызметкер бар. Ауқымымызды одан әрі кеңейтіп, жүйелі өсу үшін бізге HR маман қажет. Ол бізге жұмыс процестерін жолға қоюға, қызметкерлердің міндеттері бойынша құжаттаманы реттеуге, жаңа мамандардың адаптациясын (бейімделуін) және корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға көмектеседі. Негізгі міндеттері: ⁠Академ бөлімімен мен сату бөліміне арналған жаппай үздік кадрларды шақыруды ұйымдастыру — вакансия құрудан бастап, hh.kz пен реферал бағдарламасы арқылы үздік кандидаттарды тарту ⁠⁠Скрининг пен сұхбатты жүргізіп, әр рөлге дәл сәйкес келетін адамды таңдау ⁠⁠Жаңа қызметкерді бірінші күннен-ақ DostyqOnline-ға жақын ету — қарапайым әрі түсінікті онбординг жолын жасау ⁠⁠Сынақ мерзімінде қызметкерді жалғыз қалдырмау: тұрақты check-in арқылы қолдау көрсету ⁠⁠Алғашқы 3–6 айдағы ауысымды азайтуды нақты мақсат етіп қою ⁠⁠ҚР Еңбек кодексіне сай барлық кадрлық құжаттаманы (қабылдау, ауыстыру, демалыс, шығу) дәл әрі уақытында жүргізу ⁠⁠Ішкі/сыртқы оқыту мен тренингтерді ұйымдастырып, команданың дамуына үлес қосу ⁠⁠Әр бөлімнің өз сапасына жауап беретін мәдениетті (кайдзен) қолдау Егер сізде: HR саласында 2 жылдан астам тәжірибеңіз болса (рекрутинг және/немесе кадрлық іс жүргізу) ⁠Қазақстандық компанияда жұмыс істеген тәжірибеңіз болса (ҚР Еңбек кодексін, жергілікті еңбек нарығын білесіз) ⁠B2C, білім беру немесе сервистік бизнесте жұмыс істеген болсаңыз — үлкен плюс ⁠Өсу үстіндегі компанияда (қарқынды, өзгермелі ортада) жұмыс істеу тәжірибеңіз болса Жаппай жалдауды (кураторлар, сату бөлімі) дербес жүргізе алсаңыз ⁠Жас, энергиясы жоғары маман болып, мансапты дамытуға дайын болсаңыз ⁠EdTech немесе стартап компанияларда тәжірибеңіз болса – керемет Бізден: Компанияның стратегиялық дамуына ықпал ету мүмкіндігі. СЕО (бас директор) және топ-менеджерлер командасымен тығыз байланыста жұмыс істеу. Бәсекеге қабілетті еңбекақы және күнделікті тегін түскі ас. Алматы қаласындағы кеңседе жұмыс істеу. Компанияның алдағы өсіміне негіз болатын HR жүйесін құру мүмкіндігі. Егер сен Dostyq Online -мен бірге дамып, еліміздің болашағы — жас ұрпаққа сапалы контент арқылы құндылықтарды жеткізгің келсе, сені біздің командада күтеміз! Компания екі тілде оқу жүйесін жүргізетіндіктен, қазақ/орыс тілдерін еркін меңгеру – міндетті талап.