NeverHard

HR менеджер at БІЛІМ CONSULTING — NeverHard

HR менеджер at БІЛІМ CONSULTING in Астана. Apply on NeverHard.

Company
БІЛІМ CONSULTING
Location
Астана
Type
not_specified
GeOnline – ҰБТ-ға дайындық бойынша Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан онлайн білім беру орталығы. Жылдар бойы біз мыңдаған оқушының армандаған университетіне түсуіне көмектесіп келеміз. Бүгінде командамызда 200-ден астам қызметкер бар. Компанияның өсуімен бірге біз HR бағытын жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отырмыз. Сол үшін адамдарды дамытуға, корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға және HR жүйелерін жетілдіруге атсалысатын маман іздейміз. Негізгі міндеттер: • Қызметкерлерді бейімдеу, дамыту және ұстап қалу жүйесін жетілдіру. • Корпоративтік мәдениетті дамыту және GeOnline-ның HR брендін қалыптастыру. • KPI, грейдтер және мансаптық даму жүйесін енгізу және жетілдіру. • Қызметкерлердің қанағаттану деңгейін бақылап, жақсарту бастамаларын жүзеге асыру. • Орта буын басшыларын іріктеуге қатысып, басшыларға HR бағытында қолдау көрсету. Біз үшін маңызды: • HR саласында кемінде 3 жыл тәжірибенің болуы. • Адамдармен жұмыс істеуді жақсы көру. • Жүйелі ойлау және процестерді ретке келтіре алу. • Өзгерістерден қорықпау және бастама көтере білу. • Қазақ тілін еркін меңгеру. Біз не ұсынамыз: • Астана қаласындағы офис. • Нарыққа сай жалақы. • Компания есебінен оқу және кәсіби даму. • Жылдам өсіп келе жатқан команда мен қызықты жобалар. • Компаниямен бірге өсу және HR жүйесін дамыту мүмкіндігі. Егер сіз GeOnline-ның бір бөлігі болып, Қазақстандағы мыңдаған оқушының өміріне әсер еткіңіз келсе – бізге жазыңыз!