NeverHard

Корпоративтік заңгер | EdTech FM Online at Мұхамеджан — NeverHard

Корпоративтік заңгер | EdTech FM Online at Мұхамеджан in Астана. Skills: Advertising Law, Consumer protection laws, Contract Law, Data Protection Law, Intellectual Property Law. Apply on NeverHard.

Company
Мұхамеджан
Location
Астана
Type
full_time

Required skills:

FM Online компаниясына корпоративтік заңгер Келісімшарттағы бір дұрыс жазылмаған тармақ компанияға миллиондаған шығын әкелуі мүмкін. Біз мұндай тармақтарды қол қойылмай тұрып табатын заңгер іздейміз. FM Online — оқушыларды физика, математика және информатика пәндерінен ҰБТ-ға дайындайтын EdTech-компания. Қазір компанияда 150-ден астам қызметкер жұмыс істейді, алдағы кезеңде команданы екі есе кеңейту жоспарланған. Компанияның өсуіне байланысты заңдық сұрақтардың көлемі артып келеді, сондықтан біз бұл бағытты жүйелі түрде жүргізетін тұрақты заңгер іздеп жатырмыз. Негізгі міндеттер - Клиенттермен, блогерлермен, серіктестермен және мердігерлермен жасалатын келісімшарттарды әзірлеу және тексеру. - Қайтарым, талап және даулы жағдайларды заң тұрғысынан жүргізу, оларды сотқа дейін реттеу. - Компания жұмысындағы заңдық тәуекелдерді алдын ала анықтап, басшылыққа шешім ұсыну. - Оқу контентін, брендті және дербес деректерді құқықтық қорғау. - Қажет болған жағдайда компания мүддесін мемлекеттік органдарда және сотта білдіру. Кандидатқа қойылатын талаптар - Жоғары заң білімі (диплом). - Корпоративтік заңгер ретінде кемінде 2–3 жыл жұмыс тәжірибесі. - Келісімшарттармен, талаптармен жұмыс және сотта өкілдік ету тәжірибесі. - ҚР Азаматтық кодексін, тұтынушылар құқықтарын қорғау, жарнама және дербес деректер туралы заңнаманы білу. - Білім беру немесе онлайн-бизнес саласындағы тәжірибе артықшылық болады. Жұмыс шарттары - Оклад 300 000 ₸, екінші айдан бастап тұрақты ақы + KPI. - 5/2 жұмыс кестесі, 12:00–20:00. - Гибридті формат: аптасына 3 күн кеңседе, 2 күн қашықтан. - Директормен тікелей жұмыс және компанияның негізгі бизнес-процестеріне қатысу. Егер Сіз мәселенің салдарын шешуден гөрі оның алдын алуды маңызды деп санасаңыз, түйіндемеңізді жіберіңіз 🙌