Информатика пәні мұғалімі | EdTech FM Online at Мұхамеджан — NeverHard
Информатика пәні мұғалімі | EdTech FM Online at Мұхамеджан in Астана. Skills: Google Meet, Informatics, YouTube, pedagogical methods. Apply on NeverHard.
Company
Мұхамеджан
Location
Астана
Type
not_specified
Required skills:
Google Meet
Informatics
YouTube
pedagogical methods
Аптасына 4–6 онлайн сабақ, 100–150 ҰБТ тапсырмасы және YouTube-та тікелей эфир. Осының бәрі бір мақсатқа арналған: оқушыны информатикадан жоғары балға жеткізу. FM Online — оқушыларды физика, математика және информатикадан ҰБТ-ға дайындайтын EdTech-компания. Командамызда 150-ден астам адам бар. Қазір информатика бағытын күшейтіп жатырмыз. Бізге оқушылар сабақтың ортасында шығып кетпейтін атмосфера жасай алатын мұғалім керек. 🎯 Сенің ыкпал ету аймағын: — Google Meet-те практикалық сабақ өткізесің. Мақсат: оқушы тақырыпты жаттамай, шынымен түсінсін. — Meet пен YouTube-та ҰБТ нұсқаларын талдайсың. Дұрыс жауапты ғана емес, шешу логикасын да көрсетесің. — YouTube-та тікелей эфир жүргізесің, оның презентациясын да өзің дайындайсың. — Апта сайын ҰБТ форматында 100–150 тапсырма құрастырасың: үй жұмысы, қосымша тапсырмалар, тест нұсқалары. — Оқушылармен жеке және қосымша сабақ өткізіп, олардың әлсіз тұстарын жабасың. Жалғыз жұмыс істемейсің: қасыңда «Информатика» бағытының басшысы, академиялық бөлім және контент командасы болады. 🤝 Мэтч бар, егер: — онлайн сабақ өткізген тәжірибең болса; — оқушыларды информатикадан ҰБТ-ға дайындаған болсаң; — ҰБТ форматында тапсырма мен нұсқаны өзің құрастырып көрсең және жауабын мұқият тексерсең; — оқушымен бір вайбта сөйлесіп, күрделі тақырыпты қызықты әрі түсінікті етіп жеткізе алсаң; — сабақ пен материалды жоспарлап, бәрін уақытында тапсырсаң. Информатика немесе педагогика бойынша жоғары білімің болса, бұл артықшылық. 🎁 FM Online-дағы starter pack — Табыс: 200 000 ₸ + бонус — Кесте 6/1, сағат 16:00–22:00 — Гибридті формат: видеотүсірілімдер үшін кейде кеңсеге келу керек болады — Кеңсе: Астана қ., Иманов көшесі, 19 — Басқа ҰБТ орталығында қатар жұмыс істеуге болмайды Оқушыны нәтижеге жеткізу саған да маңызды болса, түйіндемеңді бізге жібер. Материал үлгілерің болса, оларды да қоса тірке. Мүмкін, информатика командамызға дәл сен жетпей тұрған шығарсың!