Dostyq Online Контентмэйкер at EduCon in Алматы. Skills: Content Creation, Creative Idea Generation, Russian, Social Media Marketing, Trend Analysis. Apply on NeverHard.
Company
EduCon
Location
Алматы
Type
full_time
Required skills:
Content Creation
Creative Idea Generation
Russian
Social Media Marketing
Trend Analysis
Ukrainian
Video Production
«Dostyq» мекемесі — 2003 жылдан бері (23 жыл бойы) оқушыларға сапалы білім беріп, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұялатумен және өз-өзіне сенімді, білімді ұрпақ қалыптастырумен үздіксіз айналысып келе жатқан іргелі ұйым. Осы миссияны онлайн білім беру нарығында дамыту мақсатында 2025 жылы онлайн ҰБТ-ға дайындық мектебі — Dostyq Online жобасы іске қосылды. 2025–2026 оқу жылында біз оқушылармен және ата-аналармен тығыз жұмыс істеп, үлкен тәжірибе жинақтадық. Ендігі 2026/2027 оқу жылындағы негізгі мақсатымыз— 8000 түлекке сапалы білім мен құндылықтарды үйрете отырып, олардың университетке грантқа түсуіне көмектесу. Біз оқушыларымыздың жоғары нәтиже көрсетуі үшін ең үздік әрі сапалы контентті ұсынып келеміз. Қазіргі таңда маркетинг командамызды үлкейтіп жатырмыз. Ауқымымызды одан әрі кеңейтіп, әлеуметтік желілердегі брендімізді күшейту үшін бізге Контентмэйкер қажет. Ол бізге трендтегі бейнероликтер (Reels, TikTok, Shorts) түсіруге, креативті идеялар генерациялауға, оқушылар мен ата-аналарға арналған пайдалы әрі қызықты визуалды контент дайындауға және орталығымыздың атмосферасын цифрлық кеңістікте ерекше көрсетуге көмектеседі. Негізгі міндеттері: Камера алдында екі тілде (қазақ тілі, орыс тілі) еркін сөйлеу: Reels, Stories және YouTube видеоларына белсенді түсу; Трендтерді бақылау: Әлеуметтік желілердегі соңғы трендтерді қадағалап, оларды біздің бренд форматына сәйкес бейімдеу (адаптация жасау); Контентті жоспарлау және жүргізу: Сауатты контент-план құру және әлеуметтік желідегі парақшаларды белсенді жүргізу; Түсірілімдерді ұйымдастыру: Контент-түсірілімдерді басынан аяғына дейін жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу; Stories жүргізу: Күнделікті Stories желісін қызықты әрі жүйелі түрде алып бару. Егер сізде: Контент саласында (мобилография, SMM) тәжірибеңіз болса; Екі тілде (қазақша, орысша) таза әрі еркін сөйлей алсаңыз; Камера алдында қысылмайтын, харизмаңыз бар және энергиясы жоғары маман болсаңыз; ҰБТ саласында бұрын-соңды жұмыс істеген тәжірибеңіз болса немесе бұл саланың қыр-сырын жақсы білсеңіз - үлкен плюс Өсу үстіндегі компанияда (қарқынды, өзгермелі ортада) жұмыс істеуге дайын болсаңыз — біз сізді күтеміз! Бізден: Тұрақты жалақы + KPI (сұхбат қорытындысы бойынша жеке талқыланады); Ыңғайлы график: Жұмыс кестесі жеке талқыланады; Компания есебінен күнделікті тегін түскі ас; Кәсіби орта: СЕО және топ-менеджерлер командасымен тығыз байланыста жұмыс істеп, креативті идеяларыңызды толық жүзеге асыру мүмкіндігі; -Заманауи, жайлы Алматы қаласындағы кеңсе. Егер сен Dostyq Online -мен бірге дамып, еліміздің болашағы — жас ұрпаққа сапалы контент арқылы құндылықтарды жеткізгің келсе, сені біздің командада күтеміз! Компания екі тілде оқу жүйесін жүргізетіндіктен, қазақ/орыс тілдерін еркін меңгеру – міндетті талап.