Графический дизайнер со знанием казахского языка at Daryn.online — NeverHard
Графический дизайнер со знанием казахского языка at Daryn.online in Алматы. Apply on NeverHard.
Company
Daryn.online
Location
Алматы
Type
not_specified
Daryn Online — Қазақстандағы жетекші EdTech компаниялардың бірі. Біз ҰБТ, НЗМ, БИЛ және басқа да білім беру бағыттары бойынша 1000-нан астам онлайн курстар ұсынамыз. Компания Қазақстандағы білім беру нарығында көшбасшы платформалардың қатарында және қазіргі таңда Орталық Азия елдерінде (Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан) белсенді дамып келеді. Біз креативті идеяларды жүзеге асыратын, заманауи дизайн құралдарын меңгерген графикалық дизайнерді командаға шақырамыз. Міндеттері Figma бағдарламасында дизайн материалдарын әзірлеу; Презентациялар жасау; Онлайн кітаптардың дизайнын дайындау; Баннерлер әзірлеу; Әлеуметтік желілерге арналған посттар мен reels материалдарын дайындау; Білім беру өнімдерінің визуалды материалдарын безендіру; Жасанды интеллект құралдарын (ChatGPT және т.б.) пайдалану арқылы жұмыс тиімділігін арттыру. Талаптар Figma бағдарламасын еркін меңгеру; Canva платформасымен жұмыс тәжірибесі; AI құралдарын (ChatGPT және басқа сервистер) қолдана білу; Графикалық дизайн саласында 1–3 жыл тәжірибе; Креативті ойлау қабілеті және визуалды талғамның болуы; Жауапкершілік және тапсырмаларды уақытында орындау. Біз не ұсынамыз? Қазақстандағы ең ірі EdTech компаниялардың бірінде жұмыс істеу мүмкіндігі; Айлық жалақы: 180 000 ₸ + KPI; Кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндігі; Ынтымақты және жас команда; Қызықты әрі ауқымды жобалармен жұмыс. Егер қызықты тапсырмалармен жұмыс жасауға дайын болсаң, БІЗ СЕНІ КҮТЕМІЗ!