NeverHard

Сату менеджері / Менеджер по продажам at Alem Translation Center — NeverHard

Сату менеджері / Менеджер по продажам at Alem Translation Center in Алматы. Apply on NeverHard.

Company
Alem Translation Center
Location
Алматы
Type
internship
🚀 Alem Translation – Сату менеджері Alem Translation – аударма, құжаттарды легализациялау және апостильдеу саласындағы жетекші компания. Біз жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіп, Қазақстан бойынша мыңдаған клиенттердің сеніміне ие болдық. Қазіргі таңда командамызды кеңейтіп жатырмыз және сатуды жақсы көретін, жоғары табысқа ұмтылатын тәжірибелі сату менеджерін іздейміз. 💰 Сен не аласың? ✅ Тұрақты жалақы – 200 000 тг + жоғары пайыз % ✅ Табысқа шектеу жоқ – мықты менеджерлер айына 1 000 000 тг және одан да көп табыс табады ✅ Тек жылы және ыстық клиенттер – қызметке қызығушылық танытқан адамдармен жұмыс ✅ Орташа чек жоғары, сондықтан жақсы табыс табуға мүмкіндік көп ✅ Жылдам мансаптық өсу – нәтижең болса, өсу де болады ✅ Тренингтер, мастер-кластар және үздіксіз даму ✅ Достық атмосферасы бар мықты команда ✅ Жұмыс кестесі: 5/2, 09:00–18:00 🎁 Қосымша мотивация жүйесі 🏆 Ең үздік қызметкерге – екі адамға шетелге жолдама 📱 1 жыл жұмыс істеген қызметкерге – iPhone сыйлыққа 🚗 3 жыл компаниямен бірге болсаң – автокөлік сыйлаймыз 🏡 6 жыл тұрақты еңбек үшін – пәтер табыстаймыз 💵 Жеке және командалық нәтижелер үшін тұрақты бонустар мен сыйақылар 📌 Сенің міндеттерің • Клиентті алғашқы байланыстан бастап төлемге дейін толық алып жүру • Компания қызметтері бойынша кәсіби консультация беру • Корпоративтік клиенттермен келіссөздер жүргізу және келісімшарттар жасау • CRM жүйесінде жұмыс істеу • Клиенттік базаны жүргізу және мәміле барысын бақылау • Сату жоспарын орындау және асыра орындау 👤 Біз кімді іздейміз? 🔹 Сату саласында тәжірибесі бар маман 🔹 Қазақ тілін еркін меңгерген 🔹 Коммуникациясы жоғары және адамдармен тез тіл табысатын 🔹 Нәтижеге жұмыс істейтін, жауапкершілігі жоғары 🔹 Көп табыс табуға және мансап құруға ұмтылатын 🔹 Заманауи технологияларды қолдана алатын (ChatGPT және басқа AI құралдары) ❤️ Біз қызметкерлерімізді бағалаймыз Біз үшін қызметкер жай ғана маман емес, команданың маңызды бөлігі. Сондықтан қажет болған жағдайда: • Аванс беруге • Қаржылық қолдау көрсетуге • Отбасылық жағдайды ескеруге • Ипотека, несие немесе басқа маңызды өмірлік жағдайларда қолдау көрсетуге дайынбыз Біздің мақсатымыз – қызметкерлеріміздің бізбен бірге кәсіби және қаржылық тұрғыдан өсуі. 🔥 Неге дәл қазір? Alem Translation қарқынды дамып келеді. Қазір қосылсаң, компанияның үздік менеджерлерінің бірі болып, жоғары табысқа, мансаптық өсуге және үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізе аласың. Егер сен сатуды жақсы көрсең, тәжірибең болса және айына 1 миллион теңгеден жоғары табыс тапқың келсе – біз сені күтеміз!