NeverHard

Мұғалім физика пәнінен at Мұхамеджан — NeverHard

Мұғалім физика пәнінен at Мұхамеджан in Астана. Skills: Curriculum Development, Physics, Teaching. Apply on NeverHard.

Company
Мұхамеджан
Location
Астана
Type
full_time

Required skills:

Физиктер тек формулалармен отырады деп кім айтты? 👀 Бізге формуланы жатқа білетін адам ғана емес, физиканы оқушыға түсінікті, қызық әрі оңай тілмен жеткізе алатын мұғалім керек. Егер сен күрделі есепті қарапайым тілмен түсіндіріп, оқушының «мен физиканы түсінбеймін» дегенін «ааа, осылай екен ғой!» дегенге айналдыра алсаң — біз сені іздеп жүрміз ⚡ FM Online — оқушыларды ҰБТ-ға дайындайтын академиялық команда. Біздің оқушыларымыз физикадан 50/50, 40+ , ал жалпы ҰБТ-дан 130+ нәтиже көрсетіп жүр. Ендігі мақсат — мұндай нәтижелерді одан да көбейту. Сол үшін командаға өз пәнін жақсы көретін және оқушының нәтижесіне шынымен әсер еткісі келетін физика мұғалімін іздейміз. Сен не істейсің? — Оқушыларды физикадан ҰБТ-ға дайындайсың; — Күрделі тақырыптар мен есептерді қарапайым тілмен түсіндіресің; — Оқушының деңгейіне қарай тапсырмалар таңдайсың; — Оқушылардың нәтижесін бақылап, қай тақырыпта қиналып жүргенін анықтайсың; — Академиялық командамен бірге оқыту сапасы мен нәтижені жақсартасың. Бізге кім керек? Физиканы жақсы білетін, ҰБТ форматын түсінетін және ең бастысы — білгенін оқушыға жеткізе алатын адам . ҰБТ-ға дайындау тәжірибең болса — үлкен плюс. Ал егер жаңа идея ұсынып, тапсырма құрастырып, оқыту процесін жақсартқанды ұнатсаң — тіпті керемет. Ал біз саған не ұсынамыз? 💸 250 000 ₸ + бонустар 🗓 5/2 , гибрид формат — кеңсеге аптасына 1–2 рет ⏰ 16:00–22:00 💡 Өз идеяларыңды, тапсырмаларыңды және оқыту тәсілдеріңді ұсынуға еркіндік 🤝 Күшті академиялық командамен бірге даму және тәжірибе алмасу 📈 Оқушының нәтижесіне тікелей әсер етіп, өз нәтижеңді де нақты сандармен көру мүмкіндігі 🎁 Жоғары нәтиже үшін ақшалай сыйлық, MacBook немесе саяхатқа жолдама алу мүмкіндігі Мұнда сен жай ғана сабақ өткізбейсің. Сенің түсіндірген бір тақырыбың оқушының ҰБТ-дағы нәтижесін өзгерте алады. Егер физика сен үшін формулалар жиынтығы емес, оқушыға түсіндіруге қызық пән болса — түйіндемеңді жібер. ⚡ FM Online командасында сені күтеміз!