NeverHard

Математика пәнінің мұғалімі at Мұхамеджан — NeverHard

Математика пәнінің мұғалімі at Мұхамеджан in Астана. Skills: Communication, Exam Report Preparation, Mathematics, Online Teaching, Patience. Apply on NeverHard.

Company
Мұхамеджан
Location
Астана
Type
full_time

Remote: Yes

Required skills:

Математика пәнінің мұғалімі | FM Online 📐 «"Апай" "Ағай", бұл ҰБТ-да келе ме?» деген сұраққа күніне 10 рет жауап беруге дайынсың ба? 😄 ҰБТ жақындаған сайын оқушының паникасы өседі. Ал сенің жұмысың — баллды өсіру 😎 FM Online командасына оқушыға жай ғана формула көрсетіп қоймай, математиканы түсінуге және ҰБТ-да нәтиже көрсетуге көмектесетін мұғалім іздейміз. Біз математика, физика және информатика пәндерінен ҰБТ-ға дайындайтын EdTech компаниямыз. Қазір академиялық командамызды күшейтіп, оқушылармен практикалық сабақтар өткізетін математика мұғалімін іздеп жатырмыз. Сен не істейсің? — Оқушылармен математикадан практикалық сабақтар өткізесің; — ҰБТ-ға дайындап, есеп шығару дағдыларын күшейтесің; — Күрделі тақырыптарды оқушыға түсінікті тілмен жеткізесің; — Әр деңгейдегі оқушымен жұмыс істеп, сабаққа белсенді қатыстырасың; — ҰБТ форматына сай есептер мен оқу материалдарын дайындайсың; — Оқушылардың нәтижесін бақылап, қай тақырыпты күшейту керек екенін анықтайсың; — Head Teacher, кураторлар және академиялық командамен бірге жұмыс істейсің; — YouTube, TikTok сияқты платформаларда сабақ өткізуге мүмкіндік аласың. Бізге кім керек? Бізге: — математиканы жақсы білетін; — онлайн форматта ҰБТ-ға дайындау тәжірибесі бар; — жоғары білімін аяқтаған; — күрделі есепті қарапайым тілмен түсіндіре алатын; — әртүрлі деңгейдегі оқушымен тіл табыса алатын; — сабақта тек өзі сөйлеп қоймай, оқушыны да жұмысқа тарта алатын; — нәтижеге жауапкершілікпен қарайтын мұғалім керек. Онлайн ҰБТ тәжірибесі мен аяқталған жоғары білім — позицияның негізгі must-have талаптары. Ал FM Online саған не береді? 🚀 Мұнда сен жай ғана сабақ өткізіп кететін мұғалім болмайсың. Сенің сабағың мен жұмысың оқушының ҰБТ нәтижесіне тікелей әсер етеді. Өз идеяларыңды ұсына аласың, оқу материалдарын жақсартуға қатысасың және мықты академиялық командамен бірге өсесің. Head Teacher-лерден тұрақты кері байланыс алып, ішкі оқытуларға қатысасың. Ал YouTube пен TikTok-та сабақ өткізу арқылы өзіңді үлкен аудиторияға көрсетіп, мұғалім ретінде жеке брендіңді де дамыта аласың. Бізден: 💸 250 000 ₸ тұрақты + бонустар + ай сайынғы KPI ⏰ 5/2, 16:00–21:00 🏢 Гибрид формат | Астана 📚 Ішкі оқытулар және академиялық командадан қолдау 📈 Өсу және өз идеяларыңды іске асыру мүмкіндігі ✈️ Жоғары нәтиже үшін шетелге жолдамалар 💰 500 000–1 000 000 ₸ көлеміндегі премиялар «"Апай" "Ағай", мен 40+ ала аламын ба?» Егер осы сұрақты естігенде сенің жауабың «аламыз, жұмыс істейік» болса — біз сенімен танысқымыз келеді 😎 👉 «Откликнуться» батырмасын басып, резюмеңді жібер. Мүмкін, келесі мықты нәтиженің артында сен тұратын шығарсың 🚀