NeverHard

Офис-менеджер at Мұхамеджан — NeverHard

Офис-менеджер at Мұхамеджан in Астана. Skills: Administration, Communication, Event Planning, HR, Office Management. Apply on NeverHard.

Company
Мұхамеджан
Location
Астана
Type
full_time

Required skills:

Әр офистің өз вайбы бар. Ал оны біреу қалыптастырады 💛 Офиске кіргенде бірден сезілетін атмосфера болады ғой: адамдар бір-бірімен еркін сөйлеседі, жаңа қызметкер өзін бөтен сезінбейді, командаға жұмысқа келу жай ғана «келіп-кету» емес. FM Online-да осы атмосфераны сақтап, одан әрі күшейтетін офис-менеджер іздейміз. Біз — оқушыларды физика, математика және информатика пәндерінен ҰБТ-ға дайындайтын EdTech-компаниямыз. Қазір командамызда 150+ адам бар, ал алда — компанияның 2 есе өсуі . Команда өскен сайын біз үшін бір нәрсені жоғалтпау маңызды — өзіміздің қазақы ортамызды, жақын коммуникацияны және команданың вайбын. Сондықтан біз үшін офис-менеджер — тек әкімшілік процестерді жүргізетін адам емес. Ол — офистің атмосферасын сезетін, адамдарды біріктіретін және командаға жайлы орта қалыптастыратын HR-команданың бір бөлігі. Бұл рөлде сен неге әсер етесің? 💛 Офистің атмосферасына. Командаға жұмыс істеуге ғана емес, офиске келуге де жағымды болатын орта қалыптастыруға көмектесесің. 🎉 Команданың ішкі өміріне. HR-командамен бірге тимбилдингтер, мерекелер, welcome-күндер, шағын белсенділіктер мен ішкі бастамаларды ұйымдастырасың. Жаңа идеяларың болса — біз тек «за» 😄 🤝 Жаңа қызметкердің алғашқы әсеріне. Командаға жаңадан қосылған адам өзін алғашқы күннен бастап осы ортаның бір бөлігі ретінде сезінуіне көмектесесің. ✨ Офистің жалпы жайлылығына. Кеңістіктің ұқыпты, ыңғайлы және командаға қажет нәрсенің бәрі қолжетімді болуын бақылауда ұстайсың. 📋 Әкімшілік процестерге. Сатып алулар, жеткізушілер, офис мүлкі және күнделікті ұйымдастыру жұмыстары да сенің бақылауыңда болады. Бірақ мақсат — жай ғана «тапсырмаларды жабу» емес, офистің жұмысын жүйелі әрі ыңғайлы ету. Бізге мэтч боламыз, егер 👀 — Қазақ тілінде еркін сөйлесең. Бізде қазақы орта, сондықтан тіл мен коммуникация бұл позицияда ерекше маңызды. — Офис немесе әкімшілік бағытта кемінде 1 жыл тәжірибең болса. — Адамдармен жұмыс істеуді ұнатсаң және командадағы атмосфераны сезе білсең. — «Бұрын осылай болған» деп қана қоймай, «мұны қалай қызығырақ/ыңғайлырақ жасауға болады?» деп ойласаң. — Ұйымдастыру қабілетің мықты болып, бірнеше процесті қатар бақылауда ұстай алсаң. — Инициатива көрсетуден қорықпасаң: идея көрдің → ұсындың → ұйымдастырдың → нәтижесін көрдің. FM Online-да сені не күтеді? 💛 💸 300 000 ₸ тұрақты жалақы ⏰ 5/2, 12:00–20:00 🏢 Астанадағы үлкен әрі белсенді офис 🤝 HR-командамен бірге жұмыс — идеяларыңды жалғыз іске асырудың қажеті жоқ. 📚 Ішкі оқыту және команда тарапынан қолдау 🚀 FM Online алдағы уақытта 2 есе өсуді жоспарлап отыр. Компаниямен бірге сенің де рөлің кеңейіп, болашақта HR немесе әкімшілік басқару бағытына өсуге мүмкіндік бар. 🏆 Жыл сайын үздік қызметкерлерді марапаттаймыз: ақшалай сыйлық, MacBook немесе саяхатқа жолдама. 🎉 Тимбилдингтер, мерекелер, ішкі белсенділіктер және ең бастысы — өзің де қалыптастыруға үлес қосатын командалық атмосфера. Бізге «офисте отыратын» адам емес, офиске жан беретін адам керек 💛 150+ адамның әр күні бір кеңістікте өтеді. Біреу жаңа келеді, біреу маңызды нәтижеге жетеді, біреудің туған күні, ал кейде командаға жай ғана көңіл-күй қосу керек. Осындай сәттерді байқап, адамдарды біріктіріп, «осы офиске келгім келеді» деген атмосфера қалыптастырғың келсе — бізге отклик қалдыр. Мүмкін, FM Online-ның келесі вайбын дәл сен қалыптастыратын шығарсың 👀