Воспитатель at Ясли сад Самға in Шымкент. Skills: Childcare, Early Childhood Education, Patience, Responsibility. Apply on NeverHard.
Company
Ясли сад Самға
Location
Шымкент
Type
internship
Required skills:
Childcare
Early Childhood Education
Patience
Responsibility
Білімі Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағыты бойынша педагогикалық білімі болғаны дұрыс. Педагогикалық қайта даярлау құжаты бар мамандар да талаптарға сәйкес жұмыс істей алады. Балаларға қарым-қатынасы Балаларға дауыс көтермеу, ұрыспау, қорламау. Әр балаға жеке және мейірімді қарым-қатынас жасау. Баланы қараусыз қалдырмау. Қауіпсіздік Балалардың қауіпсіздігіне толық жауапкершілікпен қарау. Балаларды қабылдау және ата-анаға тапсыру тәртібін сақтау. Төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібін білу. Жұмыс тәртібі Жұмысқа уақытында келу. Топты таза әрі жинақы ұстау. Балалардың киімі, тамағы, ұйқысы және жалпы жағдайын бақылау. Телефонға жұмыс уақытында алаңдамау. Педагогикалық жұмыс Күнделікті оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау. Сабақтарды қызықты әрі жас ерекшелігіне сай өткізу. Ойын, шығармашылық, қимыл-қозғалыс арқылы дамыту. Балалардың жеке даму ерекшеліктерін бақылау. Ата-анамен жұмыс Ата-анамен сыпайы сөйлесу. Баланың мәселесін ата-ананың көзінше талқыламау. Ата-анаға баланың күні туралы қысқаша ақпарат беру. Басқа балалар туралы ақпаратты жарияламау. Сыртқы келбет Таза, ұқыпты, балабақшаға сәйкес киім. Шаш жинақы болуы. Балалармен жұмысқа ыңғайлы аяқ киім. Артық әшекейлер мен ұзын тырнақтар болмағаны жөн.