NeverHard

Физика пәнінің мұғалімі at Мұхамеджан — NeverHard

Физика пәнінің мұғалімі at Мұхамеджан in Астана. Skills: Physics, Teaching, Ukrainian. Apply on NeverHard.

Company
Мұхамеджан
Location
Астана
Type
full_time

Required skills:

Физика пәнінің мұғалімі | FM Online ⚡ Формуланы жаттататын мұғалім емес, физиканы шынымен түсіндіре алатын адам іздейміз. Егер сен оқушының «физиканы түсінбеймін» дегенін «ааа, енді түсіндім!» дегенге айналдыра алсаң — FM Online командасына қосыл 🚀 Біз ҰБТ-ға дайындайтын академиялық командамыз. Оқушыларымыз физикадан 50/50, 40+, ал жалпы ҰБТ-дан 130+ нәтиже көрсетіп жүр. Енді осы нәтижелерді бірге көбейтетін физика мұғалімін іздейміз. Сен не істейсің? — Оқушыларды физикадан ҰБТ-ға дайындайсың; — Күрделі тақырыптар мен есептерді қарапайым тілмен түсіндіресің; — Оқушының деңгейіне қарай тапсырмалар таңдайсың; — ҰБТ форматына сай есептер мен оқу материалдарын дайындайсың; — Оқушылардың нәтижесін бақылап, қай тақырыпта қиналып жүргенін анықтайсың; — Академиялық командамен бірге нәтижені жақсартуға жұмыс істейсің. Бізге кім керек? Физиканы жақсы білетін, ҰБТ форматын түсінетін және ең бастысы — білгенін оқушыға түсіндіре алатын адам. ҰБТ-ға дайындау тәжірибең болса — үлкен плюс. Бізден не аласың? 💸 250 000 ₸ + бонустар 🗓 5/2 график: гибрид (кеңсеге аптасына 1-2 рет келіп тұру) ⏰ 16:00–22:00 💡 Өз идеяларыңды, тапсырмаларыңды және оқыту тәсілдеріңді ұсынуға еркіндік 🤝 Академиялық командамен бірге даму және тәжірибе алмасу 🎁 Жоғары нәтиже үшін ақшалай сыйлық, MacBook немесе саяхатқа жолдама алу мүмкіндігі Егер сен үшін 50/50 — жай әдемі сан емес, оқушымен бірге жетуге болатын нәтиже болса, түйіндемеңді жібер. ⚡ FM Online командасында сені күтеміз!