NeverHard

Физика пәнінің мұғалімі at Мұхамеджан — NeverHard

Физика пәнінің мұғалімі at Мұхамеджан in Астана. Skills: Teaching (Groups), UFT, Физика. Apply on NeverHard.

Company
Мұхамеджан
Location
Астана
Type
full_time

Required skills:

FM Online-ға физика пәнінің мұғалімі қажет ⚡ Физиканы жаттауға мәжбүр болғанда, ол қиын болып көрінеді. Ал жанында оны түсінуге көмектесетін мұғалім болса, сүйікті пәнге айналады. Мүмкін, біз дәл қазір сені іздеп жүрген шығармыз. FM Online-да физикадан 50/50 — оқушыларымыздың нақты нәтижесі. Сонымен қатар оқушыларымыз физикадан 40+ балл, ал ҰБТ-дан 130+ балл алып жүр. Біз осындай нәтижелердің одан да көп болғанын қалаймыз. Сондықтан қазір біз оқушыны «бұл тақырыпты мүлде түсінбеймін» дегеннен «мен мұны қалай шығару керегін білемін» деген деңгейге жеткізе алатын физика мұғалімін іздейміз. Күнделікті жұмысың қандай болады? — Физикадан сабақ өткізіп, оқушыларды ҰБТ-ға дайындау. — Тақырыптар мен есептерді талдап, формулаларды жай жаттатпай, есептің шығару логикасын түсіндіру. — Әртүрлі деңгейдегі есептерді таңдау және өзің құрастыру. — Оқушылардың прогресін бақылап, баллдың өсуіне кедергі болып тұрған тақырыптармен жұмыс істеу. — Академиялық командамен бірге оқу материалдары мен оқыту тәсілдерін жақсарту. Мұнда тек дайын жоспар бойынша сабақ өткізіп қана қоймай, өз идеяларыңды ұсынып, FM Online-да физиканы қалай оқытатынымызға әсер ете аласың. Өзіңді таныдың ба? 👀 — Сен физиканы жоғары деңгейде білесің және әртүрлі деңгейдегі есептерді сенімді шығарасың. — Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау тәжірибең бар немесе ҰБТ форматын жақсы білесің. — Сабақты құрылымды өткізіп, күрделі тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізе аласың. — Физикадан есептерді өзің құрастырып, олардың күрделілік деңгейін анықтай аласың. — Ең бастысы — сен үшін жай ғана «сабақ өткізілді» деген белгі емес, оқушының нәтижесі маңызды. FM Online-дағы teacher-life 💸 250 000 ₸ + қосымша жұмыс үшін бонустар — қосымша тапсырмалар алып, табысыңды арттыру мүмкіндігі бар. ⏰ График 5/2, 16:00–22:00 — күннің бірінші жартысы өзіңе қалады. 🧠 Оқытуда өз идеяларыңа еркіндік — өз тапсырмаларыңды, тәсілдеріңді және шешімдеріңді ұсына аласың. 📚 Академиялық команда әрдайым қасыңда — нәтижелерді бірге талқылап, тәжірибе алмасып, оқытуды бірге жақсартамыз. 🚀 FM Online-мен бірге өсу мүмкіндігі — компания 2 есе өсуді жоспарлап отыр, онымен бірге академиялық бағыт та дамиды. 🏆 Жыл сайын үздік қызметкерлерді марапаттаймыз — жоғары нәтиже үшін ақшалай сыйлық, MacBook немесе саяхатқа жолдама алуға болады. 🎉 Командалық іс-шаралар мен тимбилдингтер — себебі FM Online-дағы өмір соңғы сабақпен аяқталмайды. Егер сен оқушының «физиканы жек көремін» дегенін «тағы бір есеп шығарайықшы» дегенге айналдыра алатын мұғалім болсаң — өтінім қалдыр. FM Online-да ҰБТ-дан жоғары нәтиже алғысы келетін оқушылар бар. Мүмкін, дәл қазір оларға сенің түсіндіруің жетіспейтін шығар ⚡