Информатика пәнінің мұғалімі at Мұхамеджан — NeverHard
Информатика пәнінің мұғалімі at Мұхамеджан in Астана. Skills: Computer Science, Google Meet, Online Teaching, Presentation Skills, Programming. Apply on NeverHard.
Company
Мұхамеджан
Location
Астана
Type
full_time
Remote: Yes
Required skills:
Computer Science
Google Meet
Online Teaching
Presentation Skills
Programming
Teaching
YouTube
algorithm design
FM Online-ға информатика пәнінің мұғалімі қажет 💻 Наурыз ҰБТ-да 50/50 — бұл біздің оқушыларымыз көрсеткен нақты нәтиже. Енді осындай нәтижелерді көбейтетін мұғалім іздейміз. Өткен жылы бізде 165 оқушы білім алды. Негізгі ҰБТ-да 21 оқушымыз информатикадан 40+ балл жинады, ал орташа нәтижеміз — 30 балл. Қазір біз информатиканы жақсы білетін, ҰБТ форматын түсінетін және күрделі алгоритмдерді оқушыға қарапайым тілмен түсіндіре алатын информатика мұғалімін іздейміз. Күнделікті жұмысың қандай болады? — Онлайн сабақтар өткізіп, оқушыларды информатикадан ҰБТ-ға дайындау. — Тапсырмаларды талдап, оқушыға тек дұрыс жауапты емес, шешу жолын түсіндіру. — ҰБТ форматына сай тапсырмалар мен тест нұсқаларын өзің құрастыру, дайын материалдарды тексеру. — Презентациялар, үй тапсырмалары, тесттер және қосымша сабақтарға арналған материалдар дайындау. — Тікелей эфирлер өткізіп, Google Meet, YouTube және басқа онлайн құралдармен жұмыс істеу. — Оқушылардың нәтижесін бақылап, қажет болса оқыту тәсілін өзгерту. Өзіңді таныдың ба? 👀 — Оқушыларды информатикадан ҰБТ-ға дайындау тәжірибең бар. — Онлайн сабақ өткізіп көргенсің және оқушылармен онлайн форматта жұмыс істей аласың. — Информатиканы жақсы білесің: алгоритмдер, программалау және ҰБТ-ның негізгі тақырыптарын меңгергенсің. — Тапсырмаларды түсінікті жеткізіп, өзің тесттер мен оқу материалдарын құрастыра аласың. — Аудитория алдында өзіңді еркін ұстайсың және тікелей эфирлер мен видео түсірілімдерге қатысуға дайынсың. Маңызды: бұл жұмыс FM Online-ға толық көңіл бөлуді қажет етеді, сондықтан басқа ҰБТ орталығындағы жұмыспен қатар алып жүруге болмайды. FM Online-дағы teacher-life 💸 200 000 ₸ + қосымша жұмыс үшін бонустар. ⏰ График 6/1, 16:00–22:00. 🏠 Гибридті формат — жұмыстың бір бөлігі онлайн, ал кейбір тапсырмалар үшін офиске келу қажет. 🎥 Тек сабақ өткізумен шектелмейсің — тікелей эфирлер, видео түсірілімдер және үлкен аудитория алдында мұғалім ретінде өзіңді дамыту мүмкіндігі бар. 📚 Нақты нәтижеге жұмыс істейміз — өткен жылы бізде 165 оқушы білім алды, негізгі ҰБТ-да олардың 21-і информатикадан 40+ балл жинады. 🏆 Жыл сайын үздік қызметкерлерді марапаттаймыз — жоғары нәтиже үшін ақшалай сыйлық, MacBook немесе саяхатқа жолдама алуға болады. 🎉 Командалық іс-шаралар мен тимбилдингтер — себебі FM Online тек сабақ пен ҰБТ-дан тұрмайды. Егер сен үшін жақсы сабақ «тақырыпты өттік» дегенмен емес, оқушының есепті қалай шығару керегін шынымен түсінгенімен аяқталса — өтінім қалдыр. FM Online-да информатикадан 50/50 нәтиже бар. Мүмкін, келесі максималды нәтиже сенің оқушыңнан шығар 💻.