NeverHard

Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі at РТРК Казахстан — NeverHard

Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі at РТРК Казахстан in Астана. Apply on NeverHard.

Company
РТРК Казахстан
Location
Астана
Type
not_specified
Міндеттері: Қоғамның ішкі құжаттарына өзгерістер (толықтырулар) әзірлейді және енгізеді. Қоғамның ішкі құжаттарын сараптауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғамның құқықтық сипаттағы ішкі нормативтік актілерінің жобаларына заңдық сараптама жүргізеді. Қоғамның қызметінде туындайтын авторлық және сабақтас құқықтарға қатысты даулар бойынша талап қою және шағымдану жұмыстарын жүргізеді. Келіп түскен шағымдарды қарайды, оларға жауаптар дайындайды. Қоғам қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен рұқсаттарды алу үшін құжаттарды дайындауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының соттарында Қоғам мүддесін білдіреді, атқарушылық іс жүргізуді қозғау және өндірістік істі одан әрі көтеру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, оның ішінде қылмыстық және әкімшілік іс жүргізу шеңберінде Қоғамның мүддесін білдіреді. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тексерулері кезінде Қоғамның мүддесін білдіреді, тексерушілердің іс жүргізу тәртібін сақтауын, қорытындыларының негізділігі мен заңдылығын, сондай-ақ тексеру нәтижелерінің ресімделуін және құзыреті шегінде іс жүргізу құжаттарының жасалуын бақылайды. Қоғам қызметкерлеріне құқықтық кеңес береді, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттері шегінде Қоғам қызметіне қатысты құқықтық құжаттарды әзірлеуге көмек көрсетеді. Контрагенттермен уақтылы шарт жасасуды қамтамасыз етеді. Лауазымдық нұсқаулық шеңберінде өзге де міндеттерді орындайды. Талаптар: Білімі: «Құқық» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 2 жыл. Жұмыс шарттары: Жұмыс кестесі: 5/2; Даму және мансаптық өсу мүмкіндігі; Әлеуметтік пакет (фитнес-залға жылдық корпоративтік клуб картасы, жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру, корпоративтік іс-шаралар); Мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйақылар; Жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек; Тұрақты еңбекақы; Үлкен әрі тату ұжымда баға жетпес тәжірибе.