Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің инженері at РТРК Казахстан — NeverHard
Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің инженері at РТРК Казахстан in Астана. Skills: Audio production, Equipment Maintenance, Equipment setup, Live Broadcasting, Video Production. Apply on NeverHard.
Company
РТРК Казахстан
Location
Астана
Type
not_specified
Required skills:
Audio production
Equipment Maintenance
Equipment setup
Live Broadcasting
Video Production
station monitoring
Міндеттері: — Түсірілім нысанын немесе тікелей эфирді жұмысқа дайындау кезінде шығармашылық бөлімшелерден түскен техникалық талаптар мен өтінімдерге сәйкес негізгі және қосымша техникалық жабдықтардың толықтығын тексереді; — Студиядан тыс жазбаларға немесе трансляцияларға дайындық кезінде түсірілім жабдықтарын орнатады; — Шығармашылық персоналмен келісілген мерзімде трактілерді, жазбаларды және тікелей эфирлерді өткізу үшін кешеннің толық дайындығын қамтамасыз етеді, соның ішінде бейне және дыбыс трактілерін, сондай-ақ сыртқы қосылу желілерін толық баптау мен тексеруді жүзеге асырады; — Репетициялар, жазбалар және тікелей эфирлер кезінде сигнал параметрлерінің үздіксіз бақылауын қамтамасыз етеді; — Жазба немесе тікелей эфир аяқталғаннан кейін кешенді жинақтайды, пайдаланылған жабдықтардың толықтығын тексереді және оларды тасымалдауға дайындайды; — Жабдықтардың уақтылы әрі сапалы техникалық пайдаланылуын қамтамасыз етеді; — Сигнал параметрлерін үздіксіз басқаруды қамтамасыз етеді; — Жабдықтарды жұмысқа уақтылы дайындайды және жабдықтардың негізгі параметрлеріне бақылау өлшемдерін жүргізеді; — Жабдықтардың жұмысын бақылайды, теледидарлық және дыбыстық сигналдарға қатысты нормативтік құжаттардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, бағдарламалық-режиссерлік персоналдың қажетті коммутациялар, ауыстырып қосулар мен жалғаулар бойынша жедел талаптарын орындайды; — Бағдарламалық-режиссерлік персоналмен бірлесіп резервтік жабдықтар мен арналарға ауысуды қамтамасыз етеді, апаттық жағдайда жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін жабдықтардың технологиялық мүмкіндіктерінің мәжбүрлі шектеулерін айқындайды және бұл туралы бағдарламалық-режиссерлік персоналды хабардар етеді; — Телевизиялық жабдықтардың ақауларына жедел әрекет етеді және оларды уақтылы жояды; — Телевизиялық жабдықтардың ақауларының себептерін анықтайды, істен шыққан блокты белгілейді және қажет болған жағдайда резервтік жабдықтарға ауысады; — Техникалық құралдардың жүктеме кестесін сақтайды; — Телевизиялық жабдықтарды техникалық пайдалану қағидаларын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, лауазымдық, пайдалану-техникалық және технологиялық нұсқаулықтарды, сондай-ақ өзге де нормативтік құжаттарды зерделейді және сақтайды; — Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы техникалық құжаттама талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді орындайды; — Өзінің функционалдық міндеттері шегінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды; — Еңбек тәртібін, Корпорацияның ішкі тәртіп қағидаларын және осы ЛН талаптарын сақтайды, Корпорацияның бұйрықтары мен өкімдерін орындайды. Талаптар: Білімі: Жоғары техникалық білімі болса жұмыс өтілі қажет емес; Орта кәсіптік немесе орта техникалық білім болса инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл болу тиіс. Жұмыс шарттары: Жұмыс кестесі: 2/2; Даму және мансаптық өсу мүмкіндігі; Әлеуметтік пакет (фитнес-залға жылдық корпоративтік клуб картасы, жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру, корпоративтік іс-шаралар); Мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйақылар; Жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек; Тұрақты еңбекақы; Үлкен әрі тату ұжымда баға жетпес тәжірибе.