Қазақ тілінде мектепке даярлық педагогы (жарты кундік) at Статус НБ — NeverHard
Қазақ тілінде мектепке даярлық педагогы (жарты кундік) at Статус НБ in Астана. Skills: Créativité, Enseignement, Patience, parents communication, planification de cours. Apply on NeverHard.
Company
Статус НБ
Location
Астана
Type
part_time
Required skills:
Créativité
Enseignement
Patience
parents communication
planification de cours
Воспитание детей
Казахский язык
Обучение
Мектепке даярлық педагогы (қазақ тілі) «Парасат» оқу орталығы өз ісін сүйетін, тәжірибелі және балалармен жұмыс істеуді шын жүректен ұнататын мектепке даярлық педагогын (қазақ тілінде) қызметке шақырады. 📍 Жұмыс орны: Астана қаласы, Ш. Қалдаяқов көшесі, 3 (қала орталығы). Жұмыс уакыты: 9:00-13:00 (Дүйсенбі-Жұма) Міндеттері: 5–7 жас аралығындағы балаларды мектепке сапалы дайындау; Қазақ тілінде қызықты әрі нәтижелі сабақтар өткізу; Балалардың оқу, жазу, математика және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Сабақ жоспарын дайындау және оқу процесін ұйымдастыру; Ата-аналармен кері байланыс орнату; Балалардың жетістіктерін бақылап, олардың дамуына қолдау көрсету. Талаптар: Педагогикалық жоғары немесе арнаулы орта білім; Мектепке даярлық саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі; Қазақ тілін еркін меңгеруі; Балаларды жақсы көру, жауапкершілік, шығармашылық және сабырлылық; Заманауи оқыту әдістемелерін қолдана білу. Біз не ұсынамыз: Тұрақты жұмыс және лайықты еңбекақы; Қала орталығындағы жайлы оқу орталығы; Мейірімді, ұйымшыл және қолдау көрсететін ұжым; Кәсіби даму мен жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік; Заманауи жабдықталған оқу кабинеттері; Балалардың жетістігіне бірге қуана алатын жайлы жұмыс атмосферасы. Егер сіз балалардың болашағына үлес қосқыңыз келсе және өз ісіңіздің нағыз маманы болсаңыз, біз сізді «Парасат» оқу орталығының тату ұжымында күтеміз! Түйіндемеңізді жіберіңіз немесе бізбен хабарласыңыз. Біз сізбен танысуға қуаныштымыз!