Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы at РТРК Казахстан — NeverHard
Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы at РТРК Казахстан in Астана. Skills: 1C, Accounting, Bank Client, Document Verification, Reporting. Apply on NeverHard.
Company
РТРК Казахстан
Location
Астана
Type
full_time
Required skills:
1C
Accounting
Bank Client
Document Verification
Reporting
Міндеттері: Есеп айырысу шоттары бойынша банк құжаттарының көшірмелерін 1С: Бухгалтерия бағдарламасында өңдеу және бухгалтерлік есеп шоттарына енгізу. Төлем тапсырмаларын дайындау, контрагенттердің банктік деректемелерінің дұрыстығы мен сәйкестігін бақылау және оларды «Банк-Клиент» жүйесі арқылы банкке жіберу. Банк мекемелерінен қажетті анықтамаларды, хаттарды, растауларды және өзге де құжаттарды алу. Міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстарды орындау, өзіне бекітілген бухгалтерлік есеп учаскесі бойынша бастапқы құжаттарды қабылдау және тексеру, оларды өңдеуге дайындау, сондай-ақ ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету. Басшылықтың немесе жоғары тұрған органдардың сұрауы бойынша толық әрі шынайы ақпаратты уақытылы дайындау және ұсыну. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындау және оларды архивке өткізу үшін рәсімдеу. Лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін тұрақты түрде арттыру. Бөлім қызметі шеңберінде өз құзыреті аясындағы өзге де жұмыстарды орындау және басшылықтың тапсырмаларын орындау. Талаптар: Білімі: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық білім. Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 3 жыл. Жұмыс шарттары: Жұмыс кестесі: 5/2 Даму және мансаптық өсу мүмкіндігі; Әлеуметтік пакет (фитнес-залға жылдық корпоративтік клуб картасы, жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру, корпоративтік іс-шаралар); Мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйақылар; Жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек; Тұрақты еңбекақы; Үлкен әрі тату ұжымда баға жетпес тәжірибе.