Педагог at Сансызбаева in Актау. Apply on NeverHard.
Company
Сансызбаева
Location
Актау
Type
not_specified
Біз жүйенің жай ғана тетігі болатын орындаушыларды іздемейміз. Біз авторларды іздейміз. Nova School Aqtau — бұл жоғары академиялық талап пен тұлға еркіндігі бір-біріне қайшы келмейтін, керісінше, өзара синергия тудыратын прогрессивті жеке мектеп. Біз бюрократиялық қысымнан ада, кәсіби автономия мен нақты нәтиже басты орынға қойылатын тірі білім беру экожүйесін құрып жатырмыз. Жаңа 2026–2027 оқу жылының қарсаңында біз білім берудің стандартты шеңберінен шығып, «өз» командасын іздеп жүргендер үшін жалпы іріктеу (генеральный сбор) жариялаймыз. Біз нақты пәндер мен әкімшілік рөлдердің тізімін әдейі жарияламай отырмыз. Егер сіз өз пәніңізді жетік білетін мықты маман болсаңыз (гуманитарлық, жаратылыстану немесе физика-математика бағыты), білім беру процестерін басқарудың сарапшысы болсаңыз, бастауыш сыныптар үшін таптырмас тәлімгер немесе балалар үшін қолдаушы орта қалыптастыра алатын кәсіби маман болсаңыз — біздің сізге ұсынарымыз бар. Командамызда кімді көргіміз келеді: • Мықты негізі бар кәсіби мамандарды: Біз үшін сіз таңдаған бағыт бойынша бейінді педагогикалық немесе академиялық жоғары білімнің (дипломның) болуы өте маңызды. • Авторлық көзқарасы бар практиктерді: Сабақ беруде, мектеп мәдениетін қалыптастыруда немесе процестерді басқаруда күрделі тұжырымдамаларды жұмыс істейтін нақты құралдарға айналдыра алатын жандарды. • Нәтиже адамдарын: Толып жатқан есептерді толтыру емес, баланың шынайы дамуы мен прогресі маңызды деп есептейтін мамандарды. Біз не ұсынамыз: • Толық кәсіби автономия және сіздің мықты идеяларыңызды жүзеге асыруда басшылықтың қолдауы. • Өздеріне күрделі сұрақтар қоюдан және шынайы жауап беруден қорықпайтын пікірлестердің мықты комьюнитиі. • Ресми жұмысқа орналасу және бәсекеге қабілетті еңбекақы (деңгейі сіздің сараптамаңызға сәйкес жеке талқыланады). • Заманауи инфрақұрылым және басқа қаладан көшіп келетін мамандарға бейімделу (адаптация) бойынша көмек. Стандартты қоңырауды күтіп уақыт жоғалтпаңыз. Егер сіздің бағытыңыз бен құндылықтарыңыз біздің мақсаттарымызбен сәйкес келсе — өз түйіндемеңізді (резюме) жіберіңіз (ішіне мектепке қандай құндылық әкеле алатыныңыз туралы қысқаша ілеспе хат жазсаңыз, нұр үстіне нұр). Біз үміткерлерді жұмыс күндері сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін қабылдаймыз.