Начальник строительного участка at ҚАЗЫҒҰРТ — NeverHard
Начальник строительного участка at ҚАЗЫҒҰРТ in Атырау. Apply on NeverHard.
Company
ҚАЗЫҒҰРТ
Location
Атырау
Type
not_specified
ӨТБ (ПТО) инженері / Учаске басшысын іздейміз Қазақстан бойынша құрылыс жобаларын жүзеге асыратын компаниямызға тәжірибелі ӨТБ (ПТО) инженері және Учаске басшысы қажет. Біз үлкен компания емеспіз, бірақ қарқынды дамып келе жатқан құрылыс компанияларының біріміз. Алдағы жылдары компанияны жаңа деңгейге шығаруды мақсат етіп отырмыз. Сондықтан бізбен бірге өсіп, ұзақ мерзімді нәтиже жасауға дайын мамандарды іздейміз. Міндеттері: Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау; ӨТБ (ПТО) құжаттамаларын жүргізу; Орындалған жұмыстар бойынша актілер мен есептерді дайындау; Жобалық және сметалық құжаттарды талдау; Объектілердегі жұмыстардың сапасы мен мерзімін бақылау. Біз ұсынамыз: Тұрақты жалақы; Атқарылған жұмыс көлемі мен нәтижесіне сәйкес компания табысынан үлес алу мүмкіндігі; Қазақстан бойынша іссапарлар; Іссапар шығындарының барлығын компания төлейді; Айына 1–2 күн отбасылық демалыс үшін үйге барып келу мүмкіндігі; Компаниямен бірге кәсіби және қаржылық өсу мүмкіндігі. Егер сіз тек жалақы үшін емес, нәтижеге жұмыс істеп, болашақта мықты құрылыс компаниясының бір бөлігі болғыңыз келсе, біз сізді командамызда көруге қуаныштымыз.