NeverHard

Дефектолог/логопед at 125 HIGH SCHOOL — NeverHard

Дефектолог/логопед at 125 HIGH SCHOOL in Тараз. Skills: Benevolence, Correcting, Diagnostics, Psychological Support, Responsabilité. Apply on NeverHard.

Company
125 HIGH SCHOOL
Location
Тараз
Type
full_time

Required skills:

ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ ІЗДЕЙМІЗ «Озық ұрпақ» жекеменшік мектебі командасына кәсіби, балаға жанашыр логопед-дефектолог маманды жұмысқа шақырамыз. Біз іздейтін маман: Жоғары профильдік білімі бар; Логопед және дефектолог бағытында білімі/тәжірибесі бар; Балалармен жұмыс жасауда тәжірибесі бар; Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, жеке түзету-дамыту бағдарламасын құра алады; Диагностика жүргізіп, баланың даму динамикасын бақылай алады; Ата-анамен және педагогтермен тиімді жұмыс істей алады; Жауапты, мейірімді, коммуникациясы жоғары және кәсіби дамуға ұмтылатын. Негізгі міндеттері: Оқушылардың сөйлеу және танымдық даму ерекшеліктерін диагностикалау; Жеке және топтық түзету-дамыту сабақтарын өткізу; Сөйлеу бұзылыстарын түзету бойынша жұмыс жүргізу; Оқушылардың жеке даму динамикасын бақылау және құжаттамасын жүргізу; Мұғалімдер мен ата-аналарға әдістемелік кеңес беру; Қажет болған жағдайда оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстарына қатысу. Біз ұсынамыз: Тұрақты жұмыс орны; Кәсіби әрі қолдаушы команда; Заманауи мектеп ортасы; Кәсіби даму және біліктілікті арттыру мүмкіндігі; Ресми жұмысқа орналасу; Бәсекеге қабілетті жалақы; Баланың дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік. 📍 Мекенжайы: Тараз қаласы, Қолбасшы Қойкелді көшесі, 81 Егер сіз балалардың мүмкіндігін ашуға үлес қосатын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман болсаңыз — біз сізді командамызда күтеміз!