Менеджер по продажам at 100 Kvadratov KZ — NeverHard
Менеджер по продажам at 100 Kvadratov KZ in Алматы. Skills: Customer Relationship Management (CRM), Financial Analysis, Loan origination, Mortgage Lending, Negotiation. Apply on NeverHard.
Company
100 Kvadratov KZ
Location
Алматы
Type
full_time
Remote: Yes
Required skills:
Customer Relationship Management (CRM)
Financial Analysis
Loan origination
Mortgage Lending
Negotiation
Sales
Біз — қаржылық қызметтер саласында жұмыс істейтін қазақстандық консалтингтік компаниямыз. Клиенттерімізге ипотека рәсімдеуге, несие алуға, кепілмен қаржыландыруға, бизнеске қаржы тартуға және қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауға көмектесеміз. Қазақстандағы жетекші банктермен жұмыс істейміз және клиентті алғашқы консультациядан бастап нақты нәтижеге дейін сүйемелдейміз. Қазір командамызды кеңейтіп, белсенді, коммуникабельді және жоғары табысқа ұмтылатын менеджерлерді іздейміз. 🔥 СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ: • Клиенттермен байланысып, олардың қажеттіліктерін анықтау • Ипотека, несие және қаржыландыру бағдарламалары бойынша кеңес беру • Клиенттің қаржылық жағдайын талдап, тиімді шешімдерді ұсыну • Қажетті құжаттарды жинау және тексеру • Клиентті өтініш берген сәттен бастап мәміле аяқталғанға дейін сүйемелдеу • Банктермен және компания серіктестерімен жұмыс жүргізу • Клиенттер базасымен және CRM жүйесімен жұмыс жасау • Жоспарлар мен KPI көрсеткіштерін орындау • Клиенттерге сапалы қызмет көрсету 🎯 БІЗ КІМДІ ІЗДЕЙМІЗ? Бізге жай ғана «жұмыс істейтін» қызметкер емес, өзінің кәсіби және қаржылық деңгейін көтергісі келетін адам қажет. Сіз: • Адамдармен еркін сөйлесе аласыз • Сатылым мен келіссөздерден қорықпайсыз • Жаңа ақпаратты тез меңгересіз • Жауапкершілігі жоғарысыз • Командамен жұмыс істей аласыз • Бастама көтеруден қорықпайсыз • Нәтижеге бағытталғансыз • Көп табыс табуға және дамуға қызығушылық танытасыз Сату, банк, жылжымайтын мүлік, сақтандыру немесе консалтинг саласындағы тәжірибе — үлкен артықшылық. 💰 БІЗ НЕ ҰСЫНАМЫЗ? • Жұмыс кестесі: 6/1, 10:00–18:00 • Тұрақты табыс + нәтижеге байланысты бонус жүйесі • Ай сайынғы сыйақылар • Компания есебінен толық оқыту • Қаржы саласында кәсіби даму мүмкіндігі • Карьерлік өсу мүмкіндігі • Ыңғайлы кеңсе • Мықты әрі ұйымшыл команда • Сынақ мерзімінен кейін ресми жұмысқа қабылдау 🚀 НЕГЕ БІЗБЕН БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК? Біздің қызметіміз адамдарға нақты қажет. Сіз жай ғана қызмет сатпайсыз — адамдарға қаржылық мәселелерін шешуге, баспана алуға және өз жоспарларын жүзеге асыруға көмектесесіз. Егер сіз белсенді болсаңыз, адамдармен жұмыс істегенді ұнатсаңыз, сатылым саласында дамып, өз нәтижеңізге қарай жоғары табыс тапқыңыз келсе — біз сізді командамыздан күтеміз! 📩 Резюмеңызды жіберіңіз — лайықты кандидаттармен байланысамыз.