Өндірістік орталық Режиссерлік қызметінің 1-санаттағы бейнемонтажері at РТРК Казахстан — NeverHard
Өндірістік орталық Режиссерлік қызметінің 1-санаттағы бейнемонтажері at РТРК Казахстан in Астана. Apply on NeverHard.
Company
РТРК Казахстан
Location
Астана
Type
not_specified
Міндеттері: Тележобаны монтаждау бойынша жұмыстардың толық кешенін ұйымдастырады және жүзеге асырады; Монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған күнтізбелік-қойылымдық жоспармен (монтаждық өтініммен) белгіленген қолданыстағы техникалық нормативтер мен мерзімдерді сақтайды; Барлық түрдегі және жанрдағы кино-, теле-, бейнефильмдердің, телерадио бағдарламалардың монтажының көркемдік және техникалық сапасын қамтамасыз етеді; Барлық түрдегі және жанрдағы кино-, теле-, бейнефильмдерді, телерадио бағдарламаларды монтаждаудың технологиялық процестерін орындайды; Жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді; Бағдарламалардың көркемдік-техникалық сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды; Монтаждалған бағдарламаның соңғы нұсқасын қарайды; Монтаж жабдықтарына техникалық профилактика жүргізеді (ай сайын); Қоғамның техникалық құрылымдық бөлімшелерімен тікелей байланыс орнатады және қолдайды; Монтаж жұмыстары басталғанға дейін жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады. Талаптар: Жоғары техникалық немесе педагогикалық немесе гуманитарлық немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы білімі және кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Орта техникалық, кәсіптік білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Adobe Premiere Pro және DaVinci Resolve бағдарламаларын еркін меңгерген болуы тиіс. Жұмыс шарттары: Жұмыс кестесі: 5/2, 09:00-ден 18:30-ға дейін; Даму және мансаптық өсу мүмкіндігі; Әлеуметтік пакет (фитнес-залға жылдық корпоративтік клуб картасы, жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру, корпоративтік іс-шаралар); Мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйақылар; Жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек; Тұрақты еңбекақы; Үлкен әрі тату ұжымда баға жетпес тәжірибе.